• 8
  • 9
  • 3
  • 6
  • 10

Жоба Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты іске асыру шеңберінде жасалған, Павлодар облысының 80 жылдығына арналған.

«Шекарадағы кездесулер» ресейлік – қазақстандық жобаның электрондық ресурсы - бұл Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени және тарихи байланыстарын ашатын электрондық деректер қоры. Жоба этносаралық өзара түсіністікті және мәдениеттерді өзара байыту мәселелерін шешуге ықпал ететін мәдениет, білім беруде мәнді болып табылады және ол екі елдің интеграциялық үдерістеріне ықпал етеді.

«Шекарадағы кездесулер» ресейлік – қазақстандық жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- ақпаратты жинау, сақтау және тарату арқылы пайдаланушыларға желілік қызметтерді ұсыну, электрондық топтамаларды жасау және еркін қол жетімділігі үшін интернетте орналастырып, кітапхана арқылы бірыңғай ресурсты құру.
- электронды коллекцияларды, библиографиялық және толық мәтінді деректер қорларын құру, Қазақстан мен Ресей туралы интернет-ресурстардың каталогын жасау, Интернетте мәтіндерді, суреттерді, мультимедиялық өнімдерді және т.б. орналастыру;
- ірі ақпараттық, білім беру және мәдени орталықтар арасындағы өзара қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты нығайту;
- екі мемлекетте де білімге негізделген қоғамның құрылуына жәрдемдесу.

Жобаны жасаушы - С. Торайғыров атындағы ОӘҒК-ның автоматтандыру бөлімі: Филиппова Т.Ю. - бөлім басшысы, Гуринов С.А. – өлкетану құжаттарын цифрлау секторының басшысы, Дорошенко Ю.А. - автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы.

Аударған: Мырзагалиева А.Ж. – автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы.