Өмірбаян

Антон Семенович Сорокин 1884 жылғы 29 маусымда Павлодар қаласында бай көпес – старовердің отбасында дүниеге келген. Бүгін қалада Антон Сорокиннің отбасы, ата – анасы, туыстары тұрған үй сақтаулы. Бұл үй Ленин көшесі, 129 мекенжайында орналасқан, қазір бұл жерде Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінің қорлар бөлімі орналасқан. Ол бірнеше мамандық ауыстырды: иконо жазушының оқушысы, тері мен тұз сатушысы, Омбы темір жол басқармасында есепші, ауруханада тіркеуші болып қызмет етті.

1900 жылдан бастап шығармалар жаза бастайды. Шығармаларының басты тақырыбы - алтынның адамдарды билеуі еді. В.Э. Мейерхольд жазушының «Золото» атты пьессасын В.Ф. Комиссаржевская театрының сахнасында қоймақшы болады, алайда цензураға байланысты қойылымына тиым салынады. Антон Сорокиннің «Хохот Жёлтого Дьявола» (алғашқы рет 1914 жылы «Омский вестник» газетінде жарияланды) соғысқа қарсы повесі жазушы шығармашылығының шыңы болып табылады.

Өз туындыларында Антон Сорокин қуғынға ұшыраған ұлттардың қорғаушысы болды, әсіресе – қазақ халқының. Көптеген әңгімелері -«Зарзаман», «Последние баксы Ижтар», «Песня Айдагана», «О чем плачет Кенжетай», «Халат и медаль», «Песня о живом кургане Азах», «Гибель аула Батырбека» және т.б. қазақ халқына автордың құрметін бейнелейді. 1919 жылы «33 скандала Колчаку». «Вещь замечательная! 20 скандалов действительных, 13 - выдуманных!» жинағы жарыққа шықты. Көбінесе бұл автобиографиялық туындылар, оларда Павлодар аталып өтеді. Революциядан кейін Сорокин Омбының әдеби өміріндегі ең маңызды орындардың бірін ала бастайды. Өз заманында Антон Сорокин Давид Бурлюктан «Кемеңгерлікті растайтын куәлік» алған. Ақыр соңында Антон Сорокин өз оқушыларына да куәлік бере бастайды. 1926 жылы Сорокин Сібірлік Жазушылар одағының мүшесі, сондай-ақ Омбы қаласы мемлекеттік баспаның сібірлік бөлімшесі жанындағы әдеби-көркем секциясы, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлері ұйымының мүшесі болған.

1928 жылы Қырымға емделуге аттанады, алайда жол үстінде Мәскеу қаласында қайтыс болады. Антон Сорокин Ваганьковский зиратында жерленген.

 

Мақалалар

1. Корешкова Т. «Александр Грин Сибири» // Звезда Прииртышья. - 2004. – 23 нояб. – С.5

2. Антон Семенович Сорокин. Александр Ефремович Новоселов. Аким Владимирович Некрасов: Рекомендательный указатель/Сост. Ш. Б. Шахметова; ООУНБ им. С.Торайгырова.- Павлодар, 2005.-13с. – (Русские писатели Казахстана)

3. Шашкова Л. Знаменитый евразиец // Казахстанская правда. – 2014. – 23 сентября. – С. 12

4. Джолдасбекова Б., Азизова А. Инонациональная тема в русской литературе Казахстана // Мысль. – 2014. - №10. – С. 69 - 72