Анастасия Цветаева 1894 жылғы 27 қыркүйекте Мәскеу қаласында дүниеге келді. Тарихшы және өнертанушы, профессор Иван Цветаевтың отбасында өсті. Отбасында оны Ася деп атады. Асяның кейін танымал ақын атанған Марина есімді әпкесі болды.
1915 жылы оның бірінші кітабы - Ницше туындыларына ұқсас «Королевские размышления» философиялық мәтіні жарық көрді. 1921 жылы М.Гершензон және Н.Бердяевтің ұсынысы бойынша оны Жазушылар одағына қабылдады. 1927 жылы Цветаева «Голодная эпопея» кітабын аяқтап, оны жарыққа шығара алмады. Оның «SOS, или Созвездие Скорпиона» романы да басылып шықпады.
1933 жылғы сәуір айында Анастасия Цветаева Мәскеуде тұтқынға алынды, Сталиннің өлімінен кейін ғана бостандыққа шықты, ал 1959 жылы ақталды. Кейін ол Мәскеу қаласында өмір сүрді, тұтқындау кезінде алып қойған туындыларын естеліктері бойынша қайта жазды. Осы кезеңде ол «Старость и молодость» және «Воспоминания» мемуарлық кітаптарын жазып, 1988 жылы олар жарыққа шықты. Анастасия Цветаева Мәскеу қаласында 1993 жылғы 5 қыркүйекте 100 жылдық мерейтойын атап өтпей, қайтыс болды.
2013 жылғы 4 қаңтарда Павлодар қаласындағы Славян мәдениет орталығында Анастасия Цветаеваның алғашқы музейі ашылды. Оның өмірі дәл осы Солтүстік Қазақстандағы қаламен тығыз байланысты болды. Осы жерге ол өзінің ұлының отбасына 1957 жылы келіп, бес жыл тұрды, кейін ақталған соң немерелерін тәрбиелеп қалаға жарты жылға келіп тұрды. 1974 жылға дейін Павлодар қаласына тұрақты келетін, қазіргі уақытта оның немересі Геннадий Васильевич Зеленин осы қалада тұруда. Осы жерде ол зиялы қауым арасында танымалдық әкелген «Воспоминания» атты кітабын жаза бастады. Ақынмен таныс болған көптеген павлодарлықтар бар. Қала тұрғындарының Анастасия Цветаеваның өмірі мен шығармашылығына қызығушылығын, жазушы есімінің өзін ақын, әдебиеттанушы, журналист Ольга Николаевна Григорьева қайтарды. Оның әрекеттерінің нәтижесінде, Ольганың жеке топтамасының негізінде Павлодарда Анастасия Цветаева музейі ашылды.
3. Григорьева О. Очки Цветаевой // Казахстанская правда. - 2014. - 14 марта. – С.20
4. Григорьева О. Уроки на станции Известковой // Звезда Прииртышья. – 2014. – 9 января. - С. 6
5. Григорьева О.Н. “Цветаевский теплоход” // Нива.- 2007.- №4.- С.132.-154
6. Тамара. В дар музею Анастасии Цветаевой // Новое время. – 2013. – 8 августа. – С. 7
9. Ерофеева-Литвинская Елена. «Бабушка была гением памяти» // Работница. – 2014. - №9. – С. 60 - 62
10. Карандашова Т. «От пламени Цветаевских костров…» // Новое время. – 2014. – 2 октября. – С. 6
11. Григорьева О. Связующая век и миг… // Звезда Прииртышья. – 2014. – 30 сентября. – С. 8
12. Вервекин А. Цветаевский костер и не только // Звезда Прииртышья. – 2014. – 16 сентября. – С. 3
13. Горбунов С. Стали песнями стихи // Казахстанская правда. – 2014. – 19 сентября. – С. 20
14. Горбунов С. Разгорайся, пламя поэзии! // Казахстанская правда. – 2014. – 14 октября. – С. 11
16. Дмитриев Ю. В Германии и не только… // Звезда Прииртышья. – 2015. – 5 февраля. – С. 12
17. Дружат музеями // Новое время. – 2015. – 12 февраля. – С. 6
18. Карандашова Т. Ваш музей – единственный в мире // Новое время. – 2015. – 19 февраля. – С. 7
19. Карандашова Т. От пламени Цветаевских костров // Новое время. – 2015. – 12 марта. – С. 6
20. Григорьева О. Человек собаке – друг // Казахстанская правда. – 2015. – 3 июля. – С. 20
21. Горбунов С. Негаснущий костер поэзии // Казахстанская правда. - 2015. - 29 сентября. - С. 13
22. Игнатовская Е. У поэтического огня //Звезда Прииртышья. - 2015. - 1 октября. - С. 15
23. Цветаевская неделя //Звезда Прииртышья. - 2015. - 17 сентября. - С. 20
24. С чемпионкой - на каток!.. // Звезда Прииртышья. - 2016. - 14 января. - С. 8
25. Сохрани мою речь навсегда... // Новое время. - 2016. - 21 января. - С.
26. Семенова А. Могла промолчать но не лгать // Городская неделя. - 2016. - 27 апреля. - С. 11
27. Ковалева И. Несломленный дух // Наша жизнь. - 2016. - 28 апреля. - С. 10
28. Григорьева О. Но Вера превыше всего // Звезда Прииртышья. - 30 апреля
29. Григорьева О. Храни вас Бог // Казахстанская правда. - 20 мая. - С. 27
30. Поэтический праздник Цветаевых // Регион KZ. - 2016. – 23 сентября. - С. 4
31. Горбунов С. Верить в добро // Казахстанская правда. - 2016. - 30 сентября. - С. 24
32. Все на коньки! // Звезда Прииртышья. - 2017. - 12 января. - С. 8
35. Григорьева О. Письма Корнея Чуковского в Павлодар // Звезда Прииртышья. - 2017. - 6 июля. - С. 12
36. Григорьева О. Павлодар-город Цветаевский // Звезда Прииртышья. - 2017. - 14 сентября. - С. 8
37. Игнатовская Е. Тринадцатый павлодарский // Звезда Прииртышья. - 2017. - 28 сентября. - С. 8
38. Ковалев Ф. Тепло Цветаевского костра // Наша жизнь. - 2017. - 28 сентября. - С. 11
39. Кисенко М. День рождения музея // Звезда Прииртышья. - 2018. - 11 января. – С. 8