Өмірбаян

Дмитрий Поликарпович Багаев 1884 жылы Вятская губерниясының Туманы ауылында дүниеге келді. Багаев біздің қалаға 15 жасында келіп, өмірін адамдар мен фотосуреттерге арнап осында қалды.

Дмитрий Багаев бала кезінен бастап суретші болуды армандаған, бірақ фотограф болды. Ол фотосурет ісімен айналысуды қалап, приказчикті оған сабақ беруге көндірді. 1903 жылы Багаев Батыс Сібірдегі танымал фотографтар – ағайынды Коркиндерге хат жазып, өзінің суретерін қосып жіберді. Жақын арада оны Омбы қаласына оқуға шақырды. Сол жерде Дмитрий екі жыл бойы көмекші болып фотошеберханада жұмыс жасады. Жас шебердің кәсібилігі жоғары дәрежеде болды, тіпті ретушерлер оқушы мен оқытушысының жұмыстарын бір – бірінен ажырата алмады. 1905 жылы Багаев Павлодарда алғашқы фотосалонын ашты.

Дмитрий Поликарпович ғылыми – зерттеушілік жұмыспен айналысты. Орыс географиялық қоғамның Батыс Сібір бөлімшесінің корреспондент мүшесі бола тұра, ол өңірдің барлық бұрыштарына барып қайтты. «Жизнь и быт казахского народа начала ХХ века» коллекциясы – бұл тарихтың бағасыз куәгері. Багаев қазақтардың күнделікті өмірін, рухын, дәстүрлерін, шексіз даланы және әсем табиғатты бейнеледі. Оның фотосуреттерінде тек тарих емес, уақытқа да объективті баға берілген. Оның суреттерінде Павлодар Ертіс өңірінің маңызды тарихи оқиғалары бейнеленген - революция, аштық, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың жылдары. Оның портреттері, пейзаждары, халықтың тұрмысы мен репортажды сюжеттік суреттері бірдей дәрежеде жақсы шығатын. Багаев қаланың саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік – демократиялық үйірмеге қатысты.

Өмірінің соңына дейін Дмитрий Поликарпович облыстың бас өлкетанушысы болды. 1942 жылы ол тарихи – өлкетану мұражайының негізін салып, басқарды. 1958 жылдың 23 шілдесінде туған өлкесінің фотожазбасын ұрпақтарына қалдырып қайтыс болды (Пахомов зиратында жерленген). Д.П.Багаевтың жұмыстары танымал және тек Қазақстанда ғана емес одан қашық жерлерде де танылған. Уақыт өте оның фотосурет мирасы одан да көп қызығушылықтарды тудыруда, танылуда.

Багаев мұражай үйі 2001 жылдың басында ашылды. Ол осында 1905 – 1958 жылдар аралығында өмір сүріп, жұмыс жасады. Оның алты баласы, сүзек эпидемиясы кезінде, кіші баласы екі жаста болғанда өмірден ерте кеткен Марина есімді әйелі болған. Тарих және архитектура ескерткіші ретінде танылған үйде үш экспозиция залы және қазіргі уақытта тарихи құндылық болып табылатын отбасылық альбомдарға арналып портреттер жасалған фотопавильон орналасқан. Дмитрий Багаев - XX ғасырдың бірінші жартыжылдығында Павлодар облысындағы өмірдің жылнамашысы.

 

Кітаптар

Путеводитель по залам музея: краткий обзор / сост.: В. А. Критинин, Н. Л. Перепелица, Э. Д. Соколкин; ред. М. К. Гапон; фото Л. Д. Багаева; Павлодарское обл. управление культуры; Павлодарский обл. ист.-краевед. музей им. Г. Н. Потанина. - Павлодар, 1971.- 58 с.

Путеводитель по залам музея: краткий обзор / сост.: В. А. Критинин, Н. Л. Перепелица, Э. Д. Соколкин; ред. М. К. Гапон; фото Л. Д. Багаева; Павлодарское обл. управление культуры; Павлодарский обл. ист.-краевед. музей им. Г. Н. Потанина. - Павлодар, 1971.- 58 с.

 

Оқы

Дмитрий Багаев: летописец Павлодарского Прииртышья / авт.- сост.: В. Д. Болтина, Т. Е. Покидаева, Л. В. Шевелева.- Павлодар, 2017.- 740 с.

Дмитрий Багаев: летописец Павлодарского Прииртышья / авт.- сост.: В. Д. Болтина, Т. Е. Покидаева, Л. В. Шевелева.- Павлодар, 2017.- 740 с.

 

Оқы

 

Мақалалар

1. Майба Н. Фотография на память //Звезда Прииртышья. -  2016. - 13 февраля. - С. 6

2. Ковалева И. Признание Багаеву // Наша жизнь. - 2016. – 3 марта. - С. 10

3. Карандашова Т. Багаев это Время и просто Жизнь // Новое время. - 2016. - 10 марта. - С. 3

4. Майба Н. Фотоисторик // Наша жизнь. - 2016. - 21 июля. - С. 10

5. Поминов Ю. Имя, вошедшее в историю: [вышла в свет книга "Дмитрий Багаев: летописец Павлодарского Прииртышья" В.Д. Болтиной, Т.Е. Покидаевой и Л.В. Шевелевой] // Звезда Прииртышья. - 2017. - 16 февраля. - С. 14

6. Поминов Ю. Вятская губерния, Дальний Восток, Харбин...: [о брате Д.П. Багаева М.П. Багаеве] // Звезда Прииртышья. - 2017. - 23 февраля. - С. 21

7. Поминов Ю. Фотограф, исследователь, историк: [о Д.П. Багаеве]  // Звезда Прииртышья. - 2017. - 28 февраля. - С. 11

8. Поминов Ю. Творчество особого рода: [о переписке Д.П. Багаева] // Звезда Прииртышья. - 2017. - 18 мая. - С. 15