Орыс жазушысы, Кеңес әдебиетінің бастаушыларының бірі Всеволод Иванович 1895 жылы 24 ақпанда Семей губерниясы Павлодар уездінің Лебяжі станицасында туған. Жас кезінен бастап оқығанды жақсы көретін. «Анна Каренинаны» толық, Чеховтың бірнеше томын дәптеріне көшіріп жазды.
1915 жылдан бастап туындылары жариялана бастады – жарық көрген алғашқы әңгімесі - «Сын осени», кейін «Золото», «Ненависть», «Сон Ермака», «Две гранки» басылып шықты. «На Иртыше» әңгімесін В. Иванов Қорған қаласының баспаханасында өз қолымен басып шықты және М. Горькийге жіберді, сол уақытта олардың арасында достық қарым – қатынас орнады.
Кедей отбасында өскен, өмірдің қиындықтарын жастайынан көрген Всеволод Иванов большевиктерді қолдап, Қызыл Гвардия қатарында Омбыда шайқасты. Дәл осы жерде жазушының шығармашылық жолы басталды және «Партизанские повести» («Партизаны», «Бронепоезд 14-69», «Цветные ветра») циклі, 1921 – 1923 жылдары жазылған туындылары жас әдебиетшіні орыс кеңес прозасының шеберлері қатарына қосты.
ЖЭС кезеңінде күшейген Революциядан кейінгі Кеңестік Ресейден көңіл қалу, саяси ангажирлеуден адамның бойында стихиялық – ирроционалдық бастауларға алыстау Ивановтың «Тайное тайных» (1927), «Особняк» (1928), «Микаил - Серебряная дверь» (1929) және т.б. кітаптарында бейнеленді.
Ивановтың шығармашылық ізденісінің кеңдігі «Похождения факира» (1935) автобиографиялық романына әсер етті, ол В.Б. Шкловскийдің бақылауымен, еуропалық айлакерлік роман, бұл автор – кейіпкердің жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты: атаққұмарлық, экзотикаға, мистикаға және құпияларға қызығушылық таныту, саяхат жасау, орын және іс – әрекетті ауыстыруға құмарлық.
Ұлы Отан соғысы басталған сәттен майданға аттануға асығады, бірақ соғысқа 1943 жылғы жазда ғана Курск маңында «Красная Звезда» корреспонденті ретінде қатысады. Соғыстан алған әсері жаңа шығармашылық импульс беріп, жаңа әңгімелер, очерктер, мақалалар жазды.
Соғыстан кейінгі жылдары Иванов көп және жемісті жұмыс жасады. 1953 жылы «Ломоносов» пьессасы, 1960 жылы «Мы идем в Индию» романы жарияланды. Бірақ автор туындыларының бір бөлігі тірі кезінде жарыққа шықпады. «Сизиф, сын Эола», «Агасфер», «Вулкан» романы жазушы қайтыс болғаннан соң жарияланды, автордың көптеген ойлары іске асырылмай қалды.
В. Иванов 1963 жылғы 15 шілдеде Мәскеу қаласында қайтыс болды. Всеволод Вячеславович Иванов барлық жазушылар үшін мәртебелі, өмірге құштар, халықтың дарыны, өз уақытының шежірешісі болып қала бермек.
Иванов В.В. Похождение факира: роман / ил. В. А. Бондарева. - М., 1990.- 701 с.
|
|
Иванов В.В. Бронепоезд 14-69; Рассказы. – М., 1983. – 368 с.
|
|
Иванов В.В. Возвращение Будды: повесть; Чудесные похождения портного Фокина: повесть; У: роман / сост. и вступ. ст. Т. В. Ивановой.- М., 1991.- 476 с.
|
15. Папкова Елена. Сибирская биография Всеволода Иванова // Москва. – 2013. - №12. – С. 132 – 144
19. Топоров И. Две знаменательные даты // Простор. – 2015. - №8. – С. 175 – 179
20. Горов С. Вспоминая Всеволода Иванова // Казахстанская правда. - 2016. - 29 сентября. - С. 11
22. Поминов Ю. Новое о Всеволоде Иванове // Звезда Прииртышья. - 2017. - 20 июля. - С. 17