Дарынды прозашы, публицист және саясат қайраткері, 1884 жылы Железинкада дүниеге келді, қысқа ғұмырын Отанына арнады. Оны Сібірдің болашақ Толстойы деп атады, ал туындыларын Горькийде ерекше атап өткен... А. Невесов лақап атан қолданып жарияланды.
Александр Ефремович 1884 жылғы 5 қарашада Железинка ауылында казак офицері отбасында дүниеге келді. Балалық шағын казактар мен қазақтардың ортасында өткізді, жер аударған орыстар мен құқықтары жоқ казактардың қиыншылықтарымен ерте танысты. Казактар пансионатында оқыды, кейін Омбы кадет корпусына жіберілді. Бірақ 7 – ші сыныпты аяқтамай, қорытынды емтиханды тапсырудан бас тартып, туған ауылына қайтты. Железинкада ол өздігінен білім алумен айналысты: көптеген гуманитарлық пәндерді, соның ішінде философияны, тарих пен әдебиетті, өздігінен оқыды, мұғалім атану үшін емтихан тапсыруға дайындалып, 1905 жылы экстернмен тапсырды.
Омбыда Новоселов әдебиетші, ғалым – этнограф ретінде де қалыптасты. Ол Алтай мен Қазақстан бойынша саяхат жасады. Орыс география қоғамы Батыс – Сібір бөлімінің мүшесі атанды, этнографиялық материал жинап, ресейлік және қазақ фольклорын жазып алды, Сібір баспасында өз жұмыстарын жариялады.
1909 жылдың соңында Новоселов белсенді түрде Сібір және астаналық басылымдарда шықты: «Легкая жизнь» (Омский вестник. - 1910. - №№ 19-21), «Экзамен» (Омский вестник. - 1910. - №№ 94, 137), «Подсидел» (Дума. - 1910. - № 11), «Смерть Атбая» (Сибирские вопросы. - 1911. - №№ 42-44) әңгімелері және т.б. А. Новоселовтың әдеби мұрасының көп бөлігі ескі салт жоралғылар тарихына арналған: «Жабья жизнь» әңгімесі, «Беловодье» және «Мирская» поветтері.
А.Ф. Новоселовтың әдеби мұрасы айтарлықтай үлкен емес, бірақ ең қиын сынақ – уақыттан өтті. Оның туындылары оқырмандарды белсенді қабылдауға және туған жерін зерттеуге шақырады, бұл олардың көркемдік әсерінің күші.
Новоселов А. Беловодье: повести, рассказы, очерки. – Иркутск, 1981. – 408 с.
|
1. Баймаганбетова Б. Александр Новоселов // Родные просторы. – 1999. – 4 декабря. – С.3
6. Александр Новоселов (1884-1918) // Найзатас. - 2014. - №5. - С. 93