Ольга Николаевна Григорьева 1957 жылғы 25 сәуірде Новосібір қаласында дүниеге келген. 1971 жылдан бастап Қазақстанда (1977 жылдан бастап Павлодар қаласында) тұрады. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің (Алматы) журналистика факультетін аяқтаған.
Балаларға арналған кітаптардың авторы: «Данилкин кораблик» (1985), «Прогулка на Иртыш» (1989), «Приключения Бузика» (1991), «Солнечный мячик» (1998), «Солнечный мячик» (2000), «Павлодарская азбука» (2005), «Вежливый ребенок» (2006), «Омская азбука» (2007).
Поэтикалық кітаптардың авторы: «Середина сентября» (1993), «Вечный сюжет» (1996), «Одиноко стоящее дерево» (1998), «Дверь» (1999), «Поют мои друзья» (2001), «Из Павлодара с любовью» (2003), «Никогда не оглядывайся» (2005), «Из семи тетрадей» (2007), «Фотостихи» (2007). «Вы - история, не поколение» (2002), «Золотой песок бытия» (2006) очерк кітаптарының авторы.
Ольга Григорьеваның өлеңдері мен очерктері «Студенческий меридиан» (Мәскеу), «Миша» (Мәскеу), «Складчина» (Омбы), «Омская муза» (Омбы), «Нива» (Астана), «Простор» (Алма-Ата) журналдарында, «Южная звезда» (Ростов-на Дону) альманахында, «Русская словесность в мировом культурном контексте» (Мәскеу, Достоевский қоры, 2004) Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында және басқа да ғылыми жинақтарда басылды.
Ольга Григорьеваның өлеңдері «Современное русское зарубежье» (М., 2005) 7-томдық антологиясына енді. Шығыс Қазақстан драма театрының (Өскемен) сахнасында Ольга Григорьеваның «Дочери царя» пьесасы бойынша «Марина Цветаева» қойылымы өтуде. 2008 жылғы 25 тамыз күні Мәскеу қаласы «Марина Цветаеваның мұражай-үйі» мәдени орталығында М.И. Цветаева атындағы екінші халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Сыйлық екі номинация: қазіргі заман поэзиясы және М.И. Цветаеваның өмірі мен шығармашылығын зерттеу бойынша берілді. Шығармашылық мұраға зор үлес қосқаны үшін сыйлық Ольга Николаевна Григорьеваға табыс етілді. Конкурсқа ұсынылған шығармалардың арасынан ақынның «Из семи тетрадей» жинағы ең үздік болып танылды.
О.Григорьева «2007 жылдың үздік балалар тілшісі» номинациясындағы «Балалық шақ досы» құрметті лауазымына ие болған. «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен наградталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
![]() |
Григорьева О. Больше неба, чем земли: стихи. - Павлодар, 2011. - 92 с.
|
![]() |
Григорьева О. Вечный сюжет: стихи разных лет. - Павлодар, 1996. - 93 с.
|
![]() |
Григорьева О. Встретимся у Марины: стихи, посвященные Марине Цветаевой. - М.: Спорт и культура-2000, 2011. - 32 с.
|
![]() |
Григорьева О. Вы - история, не поколение...: очерки и эссе. - Павлодар: ЭКО, 2002. - 160 с.
|
![]() |
Григорьева О. Дверь: стихи. - Павлодар, 1999. - 84 с.
|
![]() |
Григорьева О. Золотой песок бытия: очерки, статьи. - Павлодар, 2006. - 240 с.
|
![]() |
Григорьева О. Из Павлодара с любовью: стихи. - Павлодар, 2003. - 108 с.
|
![]() |
Григорьева О. Из семи тетрадей. Стихи разных лет. - Павлодар, 2007. - 240 с.
|
![]() |
Григорьева О. Летоход: книга стихов / вступит. ст. П. Поминов. - Омск, 2012. - 104 с. - (Библиотека омской лирики, вып.№17)
|
![]() |
Григорьева О. Никогда не оглядывайся: стихи. - Павлодар, 2005. - 79 с.
|
![]() |
Григорьева О. Одиноко стоящее дерево: стихотворения. - Павлодар, 1998. - 76 с.
|
![]() |
Григорьева О.Н. Река и речь: стихи о любви. - Павлодар, 2009. - 112 с.
|
![]() |
Григорьева О. Середина сентября: стихотворения. - Павлодар, 1993. - 76 с.
|
![]() |
Григорьева О.Н. Фотостихи. - Павлодар, 2007. - 40 с.
|
![]() |
Григорьева О.Н. Четыре тебя: стихи о любви. - Алматы, 2009. - 128 с.
|
![]() |
Григорьева О. Вежливый ребенок: Забавный самоучитель казахского языка для малышей / рис. Н. Малярова. - Павлодар, 2006. - 68 с.
|
![]() |
Григорьева О. Павлодарская азбука: книга-раскраска / рис. А.Борякиной. - Павлодар, 2005. – 36 с.
|